Абай облысы, Білім басқармасының «Ақсуат колледжі» КММ келесідей бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
бос лауазым директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді.
Құжаттар 05.10.2023 бастап 13.10.2023 қоса алғанда қабылданады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға құжаттарды қабылдау мерзімінде құжаттардың тізбесін жібереді. Электронды түрде(Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) және қағаз түрінде Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы , Кабанбай кошесі 1А , кадр бөліміне , дүйсенбі-жұма сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін.
Бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына он сегіз жастан кем емес байқаушылар шақырылады. Әңгімелесу барысында бақылаушылар үміткерлерге сұрақтар қоймайды. Байқаушылардың конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Кадр инспекторы Д.С.Сайлаубек
Тел. 87713552633