Тарбағатай АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен бірлесіп, колледждің тәрбие саласы мамандарының ұйымдастыруымен "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" атты студенттермен кездесу өтті. Кездесуде жатақхана тәрбиешісі  Г. Мәукілов бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, баяндама жасады. Және колледж  психологы  Д.Нурғалиева студенттерден құқықбұзушылықтың алдын-алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша сауалнамалар алды.   

Полиция тобының қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу,  қазіргі уақытта пандемия кезеңіндегі сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кездесу соңында студенттерге жол қауіпсіздігі ережесі туралы буклеттер таратылды