Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні колледж директоры К.Кайрбаев колледждегі инженер-педагогтерге жиналыс өткізді. Күн тәртібінде 18 ақпан күнгі ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының басшыларымен және колледждердегі ата-аналар қоғамының өкілдерімен өткен кеңестің хаттамасын таныстырып, атап айтқанда, студенттерге қатысты айыппұл санкцияларын қолдануға жол бермеу, шектеу шаралары кезінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар үнемі бақылауда болатынын айтты. 2021-2022 оқу жылына колледжге оқушыларды қамту мәселесі бойынша аудан мектептеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысты тапсырмалар берді.