Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні колледж студенттерін жатақхана тәрбиешісі Ғ.Мәукілов аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа апарды. Мұражай маманы М. Өмірбекұлы мұражайдағы көне дәуір,табиғат,қазіргі заман бөлімдерімен және көне жәдігерлермен таныстырды. Студенттер мұражайды аралау барысында үлкен ұлы сезімге, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек танымдық мақсатта келмей, керемет сезімге бөленіп, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып ой бөлісті.