1 Наурыз елімізде жалпы халықтық мереке-Алғыс айту күні. Бұл күнді 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасымыз Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.           Қазақ халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы-еліміздің барлық ұлт пен ұлысты біршаңырақ астына топтастыратын бүгінгі мереке құтты болсын! Қазақ халқына мықты денсаулық, бақыт тілейміз!