«Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігімен болашақта бірігіп жұмыс жасайтын болды.
«Тарбағатай колледжі» КММ директоры К.Н.Кайрбаев, колледждің «Бастауыш» кәсіподақ ұйымы төрайымы М.А.Джумалиева және ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Б.Қасеновамен келісіліп, үш жақты ұжымдық шарт 2021-2024 жылдарға арналып жасалынды. Алдағы уақытта оның орындалу барысы жоспарлы түрде қаралып тұрады. Ұжымдық шарт жасауға барлық ұжым мүшелері қатыстырылып, әрқайсысы өзінің ұжымдық шартқа қажет деген ой-пікірлерін ортаға салып, олардың ой - пікірлері ескерілді. Және ондағы көрсетілген шарттың орындалуын жиналыс отырыстарында қадағалап, кәсіподақ кеңесінің жұмысы жылдық жоспар бойынша жүргізілетін болады. Білім беру саласына да қатысты оң өзгерістерге белсенді түрде қатысып отырады.