Бүгін 3 наурыз -Дүниежүзілік жазушылар күні. Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімі негізінде атап өтілді. Клуб 1921 жылы құрылған. Ұйымның атауы ағылшынның poets - ақындар, essayists - очеркшілер, novelists - романшылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құрылған. Сонымен қатар, pen сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қалам» деген мағына береді. Қазақ руханияты үшін қайталанбас ерекше күн.
Себебі «Өнер алды - қызыл тіл» деп білген қазақ халқының ең дамыған, қадір тұтқан қасиетті өнері – әдебиеті. Мереке баршаңызға құтты болсын!Қаламдарыңыздан халықты өзіне баурайтын шығармаларыңыз көп болсын!