Құрметті жерлестер!

Қазақстан Республикасының Конституция күні – мемлекеттік маңызы зор мереке. Конституция адамның өмірін, құқықтары мен еркіндігін жоғары құндылықтары ретінде ұстап, еліміз бен бүкіл халқымыздың даму негізін қалады. Осынау салтанатты күнде «Тарбағатай колледжі» КММ сізге кез келген бастамаңызда үлкен табыстарға жетуіңізді, отбасыңызға  амандық, барлығымызға ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикамыздың әрі қарай өркендеуін тілейді!