"Тарбағатай колледжі"КММ Гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталық аясында тарих пәнінің оқытушысы Сағадиев Бақытжан Магиланович "Шыңғыс хан империясы және оның мұрагерлері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп,студенттерден тарихи диктант алынды.Уақыт сызығы деп аталатын бөлімде Шыңғыс хан империясына байланысты оқиғалар сәйкестендірілді.Студенттер сабаққа белсене қатысып,тың мағлұматтар алды.