«Мәнерлеп оқу» үйірмесінің мүшесі Асембай Гүлнар халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістеме орталығы ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбылдың туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жыр алыбы-Жамбыл» атты республикалық шығармашылық байқауына жұмысын ұсынып, үздік деп танылғаны үшін «Жамбыл оқулары» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.