"Тарбағатай колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік серіктестердің демеушілігімен және ішкі қаржы есебінен жаңа үлгідегі кең және жарық мұғалімдер бөлмесі ашылды. Қазіргі талапқа сай мұғалімдердің жұмыс істеуіне  техникалық құралдармен барлық жағдай жасалынған және қажетті жиһаздармен дөңгелек үстел, орындықтар, шкафтармен жабдықталған. Оқу-әдістемелік материалдар, стендтер, көрнекі құралдармен толықтырылған. Мұнда колледжішілік өзгерістер мен білім жүйесіндегі жаңалықтар  осы жерде талқыланады. Және конференция, пікірталас, семинар, авторлық сабақтар т.б өткізілетін болады. Заман талабына сай мұғалімдер бөлмесін ашып берген демеушілер мен білім ордасының басшылығына және жұмыстан тыс уақытта жөндеу жұмыстарына ат салысқан БӘД пәнінің жетекшісі М.Нұрланов пен дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А.Өмірбекұлына, кіші қамту қызметкерлеріне ұжымының алғысы шексіз.