Биылдан бастап, Елімізде Наурыз мерекесін тойлау тұжырымдамасына сәйкес  соның 4-ші күні, яғни 17 наурыз "Тарихқа тағзым күні"-деп белгіленуіне орай «Тарбағатай колледжі» КММ Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі тарих пәнінің оқытушы Дугалиева Балнұр Шаймұратқызы Гуманитарлық пәндер бірлестігінің мүшелерімен  жиын өтті.Наурыз мерекесін жас ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды ұлттық рухани тәрбиелеу, сонымен қатар тарихын білуіне, еліне жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында. Тәуелсіздіктің арқасында тарих қойнауынан қайта оралған  баба жолының мәні-зор. Оның ішіндегі,«Тарихқа тағзым күнінің»  орны ерекше деп есептейміз.