Биылғы жаңа оқу жылына дайындық барысында колледж жатақханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қыз балалар мен ер балаларға арналған гигиена бөлмелері санитарлық талаптарға сай жабдықталып, сыртқы кәріз жүйесі қайтадан жаңартылды.

"Тарбағатай колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сыртқы қасбеті боялып, ауласына 1000 м2 жерге брусчатка төселініп, ғимаратқа кіре беріс дәліз жаңартылуда.