1-қыркүйек "Білім күніне"арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиынымыз көк байрағымызбен көмкеріліп,әнұранымызбен әсем боп өтті.

Салтанатты жиынның шымылдығын Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Сабырбаев Ержан Советбекұлы өзінің жүрекжарды  құттықтау сөзімен ашты.

Колледжіміздің тыныс-тіршілігі жайында колледж директоры Кайрбаев Кайрат Нұрбекұлы баяндама жасап ,жиналған көпшілікті білім күнімен құттықтады .

Білім ордасында ерен еңбек етіп,ұстаздық жолды -даңғыл жолға айналдырған ,қазіргі таңда зейнеткерлік демалысқа шыққан ардагер ұстаздарымыз да төрімізден табыла білді.Колледж табалдырығын алғаш аттаған студент ұл-қыздарымызға ақ тілектерін жаудырып,батасын беріп мерейімізді тасытқан құрметті қонақтарымыз да болды .

Әннен шуақ төгіліп,жырдан шашу шашылған ерекше бір күн болды десекте болады .