Кешегі күн колледжімізде "Тілім менің -тірлігімнің айғағы"атты тілдер күніне арналған топаралық сайыс өтті.Сонымен қатар "Ұлттың сақталуына да ,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы -тіл"деп артына жақсы сөз қалдырған ,қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен қоғам қайраткері , алаш арысы,ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы баяндама оқылды.
Ана тілім -тастамайтын әліппем ,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен .
Өз тілімді жақсы көру арқылы
Достасамын басқа барлық халықпен -дегендей ,сайыс жеті кезеңнен құрастырылып,үш тілде (қазақ,орыс,ағылшын)ұйымдастырылды.Қабырға газеттерімен қоса,ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан пікірлері ілінді.
Қатысушылар "жасыл"және "қызыл"болып екі топқа бөлінді.Сайыстың әр кезеңін сараптау ,бағалау әділқазылар алқасының еншісінде болды .
"Тіл -ұлттық құжатымыз,кісілік келбетіміз ,Тәуелсіздігіміздің айрандай ұйып отырғаны да -осы туған тіліміздің арқасы ,мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеріп ,тіл жанашыры болайық "-деп Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Аринов Қ .өз ойын айтып ,сайысты ұйымдастырған Ш.Туктиева ,Е.Қайырбекова,Д.Бейсенғалиеваға өз істерінің шебері екенін айтып,алғысын жаудырды.Сайыстың барлық кезеңдерін саралай келе ,"қызылдар"тобы өз ұпайларының басымдығымен жеңіске жеткенін хабарлады .
Мәртебелі тілімізді ұлықтаған қатысушылар арнайы мақтау қағазымен қоса сыйлықтарға ие болды .
Сен болмасаң ,о туған тіл ,құным не ?
Мен жетпейтін маржан жатыр түбінде .
Аспан,жұлдыз,жетім ай да телміріп,
Тіл қатады маған ана тілімде .
Жігіт бірде кедейленер,байыр да ,
Ақ атымды,қанатымды қайырма .
Айырылсам да талай бір ..
О,тағдырым ,тек тілімнен айырма .
https://tarbcolledge.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/171-tilim-meni-tirligimni-aj-a-y.html#sigFreeId3988b369f4