"Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет"деп санаймыз. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі -балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу ,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында  колледжімізде "Нашақорлықтың алдын алу,есірткіні тұтыну және таралуының құқықтық аспектілері"туралы дәріс  өткізілді.Тарбағатай АПБ ЖПКБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Естай Қуанышұлы мен Тарбағатай АПБ КП бөлімшесінің КТІЖ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұржан Арманұлы өзекті тақырып жайлы ой қозғады.Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Аринов Қуаныш ,Жатақхана тәрбиешісі Мәукілов Ғабит қатысып,өз ойларымен бөлісті.Студенттерге сын-ескертпелер де айтылды .

Қоғамға қарсы іс-әрекеттерге ,адамның психикасына және денсаулығына теріс ықпал ететін іс-әрекеттерге ,алкогольдік ішімдікті пайдалануға ,есірткі заттарын пайдалануға жол бермеу,алдын-алу басты міндетіміз екенін басымдықпен атап өтті.