"Тарбағатай колледжі"КММ -де 1-қазан халықаралық қарттар күніне орай "Қарттарым аман-сау жүрші"атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті.Кештің шымылдығы Кенен Әзірбаевтың әнімен түріліп,қара жорға биімен жалғасын тапты.Кеш барысында қарт ардагер ұстаздарымыздың құрметіне бірнеше әсем әндер орындалып,жыр шумақтары жүрекке жол тартты .Кешімізге келген қонақтар ыстық ықыласын батамен білдіріп,ақ жаулығы желбірген аяулы әжеміз шашуын шашып көңілімізді бір серпіп тастады.
Қарттар-біздің асыл қазынамыз ,ақылы теңіз дәрия ,көненің көзін көрген деп әдемі лебіз жолдарын тарқатып директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Аринов Қуаныш Бейсенұлы өз сөзін әдемі жеткізіп,жыр жолдарымен түйіндеді .
Қарттарды құрметтеу -перзенттік парызымыз.Қарты бар үйдің -қазынасы бар .
Мерекеңіз құтты болсын,ата-апа
Көкіректен жыр төгілмей жата ма ?
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің
Кенеліп бір ілтипатты батаға -дей келе қарт ардагер ұстаз Табылдинов Тікеш ағамыздан бата алдық .
Ақ жаулықты аналарымызбен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталарымызға біздің айтар тілегіміз -дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз.
https://tarbcolledge.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/173-arttarym-aman-sau-zh-rshi.html#sigFreeId0041a4f557