Себебі айналамыз алтын түске боялып ,астығымыз қамбаға құйылып ,бау-бақшамызды жинап ,құстарды қол бұлған жылы жаққа шығарып саламыз.Күз -адам баласына молшылық ,береке әкелетін мезгіл.Осы бір мезгілге байланысты алтын күз кештерін өткізу дәстүрге айналған .Сол дәстүрдің бір көрінісі ретінде колледжімізде "Алтын жапырақ төккен күз "атты топтар арасында сайыс өтті .Сайысқа қатысушылар бес жұптан құралды.
Сайыстың бірінші бөлімі таныстыру болды.Екінші бөлімде әр жұп өз өнерлерін әсем әнмен,көрікті көркем сөзбен жеткізіп жатты.Үшінші бөлім "Күз сыйы"деп аталды.Бұл бөлімде қатысушы жұптар түрлі-түсті көкеністерден,жеміс-жидектерден жасалған қолөнерлерін көрерменге тарту етті.Төртінші бөлімде бармақтарынан бал тамған аруларымыз үйден дайындап әкелген ас-тағамдарын таныстырды .Бесінші бөлім қас-қағым сәтте сұрақтарға жауап берсе,алтыншы бөлімде күзгі киім үлгісін көрсетті.
Сайыс өз деңгейінде өтті.Қатысушыларға әділқазылар алқасы төрелік етіп,қорытынды сөз сөйлеп,қатысушы жұптарға сыйлықтарын табыс етіп,мақтау қағазымен марапаттап ,алтын күз кешін ұйымдастырған Бейсенғалиева Дана мен Дәлелхан Күлмәнға алғыстарын айтып жатты .
https://tarbcolledge.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/176-18-10-2021-k-z-tabi-atty-erekshe-bir-zhyl-mezgili.html#sigFreeIdc5b2adfa06