Күні кеше колледжімізде студенттеріміз дәрігер мамандармен кездесті.

Күн тәртібінде :

1."Екпе алу-басты байлық кепілі"

2."Ерте жүктілік және оның алдын-алу".

Студенттер арасында екпе алудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жайлы Тарбағатай аудандық ауруханасының кардиолог-терапевт маманы Сәуле Серіковна жүргізді.Жер бетіне жайылған дертті жеңудің бірден- бір жолы екпе салдыру және вакцина алу бір ғана адамның емес,бір отбасының немесе тұтас ұжымның тағдырын сақтап қалуға септігін тигізетіндігін де айтып өтті.Жаппай екпе алу арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастырып,спортты жанымызға серік етіп,құнарлы тамақтану арқылы КОВИД-19 пандемиясына қарсы тұра алатынымызды тілге тиек етті.

Студенттеріміз ашық -жарқын сөйлесіп,медицина қызметкерлеріне сауалдарын қойып,тиісті жауаптарын алды.

Ерте жастағы жүктілік және оның салдары жайлы Тарбағатай аудандық ауруханасының акушер-гинеколог маманы Мөлдір Үмітбековна өз ойымен бөлісіп,ақыл-кеңесін айтты.Жасөспірім қыз балаға алғаш рет гинеколог маманға қай жастан бастап қаралу керек,ерте жастағы жүктілік дегеніміз не ?ерте жастағы жүктілік немен қауіпті?осындай сұрақтарға медициналық тұрғыдан жауап берді.

Қоғамдағы толғандыратын тақырыптардың біріне жауап іздеу мақсатында мамандармен кездесуді колледждің педагог-психолог маманы Нурғалиева Динара, колледж мейірбикесі Майырова Еркежан ұйымдастырды.Қыз тәрбиесі жайлы қыздар ұйымының жетекшісі Бейсенғалиева Дана да өз ойымен бөлісті.

Ұл да,қыз да қоғам дамуындағы басты тұлға.Бала тәрбиесі-игілікті іс.Ата-ана,мектеп ,қоғам барлығы ұрпақ тәрбиесі үшін жауапты.Өнегелі істермен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген жастар ,болашақта жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленері анық.

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі.Бүгінгі қыз бала-ертеңгі ана.Қыздарымызға қырық үйден тыйым салып,өнегелі тәрбие беру-бәріміздің ортақ міндетіміз."Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың" .Ұл мен қыздың тәрбиесінен кеш қалмайық.

"Жел бағытын өзгерте алмасақта кеме желкенін арманымыздың бағытына қарай өзгерте аламыз".Ең бастысы сенім мен үміт.