Қабаев Хамза Серікқалиұлы 2003 жылдың қараша айының 19- жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы,Кіндікті ауылында дүниеге келген.2010 жылы, қыркүйек айында өзінің туған ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы білім ордасына алғаш қадам басқан.Тау баласы тауға қарап өседі демекші,алдында таудан биік мақсаттар қойып ,біліммен қоса спортқа да жақын боп өседі.Бойында спортқа бейімі бар екенін білген ата-ана баласының бетін қақпай,белін буып, жігеріне жігер қосып талай спорттық жарыстарға үкілеп қосқан .Мектеп қабырғасында жүргенде қазақ күресі мен дзю-до күресімен қатар шұғылданып,республикалық,облыстық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері,жеңімпазы атанған.Хамза Қазақ күресінен ШҚО-ның құрама командасының мүшесі.2019 жылы өткен республикалық "Жас барыс"турнирінің қола жүлдегері.
Хамза 2021 жылы өзінің сүйікті мектебімен қоштасып,үлкен өмірге жолдама алып,"Тарбағатай колледжі"КММ-нің студенті атанады.Қазіргі таңда колледжіміздегі мақтан тұтар студенттеріміздің бірегейі.
Қазақ күресі -ұлттық төл спортымыз.Күрес-ұлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады.Күш атасы Қажымұқан бастаған осы бір спорт саласынан Хамза да құр алақан қалған емес.Жанына спортты жалау етіп,туған ел абыройын асқақтату үшін Алатаудың бауырына да барып қайтты .
2021 жылы,25-қазан күні Алматы қаласында өткен
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА,1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ ЕРБОЛ СЫПАТАЕВТЫҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ӨТКЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІГІНДЕ I ОРЫН ИЕЛЕНДІ.
Хамзаның жеңісіне шын қуандық.Талай елде белдесіп,талай рет жеңіс тұғырына табан тіреген Хамзаға балуан аталарының бағын берсін демекпіз.
Абырой биігінен түспе,жеңісті күндерің көп болсын !
https://tarbcolledge.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/178-tarba-atajdy-t-legi-t-yrdan-t-spesin.html#sigFreeIdbf7e3cc1c6