Еліне арналатын тілегі шын ,
Ей,ұлым -Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата заңның білемісің ?!-демекші, студенттер арасында педагог-психолог маман Д.Нұрғалиева "Заң және мен" тақырыбында сауалнама жүргізіп ,жасөспірімдер инспекторы Абдилбаев Аслан Өмірбекұлымен кездесу өткізді.Қазіргі таңда құқықтық тәрбие беру өте қажет .Ол студенттердің ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілетін дамытып ,өз пікірін айтуға ,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сонымен қатар басқа адамның құұықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы өз міндеттері бар.ҚР-ның әр азаматының міндеті -заң талаптарын бұзбау,өзіне жүктелген міндетін орындау.Өйткені заң дегеніміз-өмірдің нәрі.Заңның мықтылығы атында емес,адалдығы мен әділдігінде.Заңның ең басты мақсаттарының бірі -қоғам алдындағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
https://tarbcolledge.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/179-za-zh-ne-men.html#sigFreeId8af2c86eeb