Дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру және діни сенімдерді насихаттау,жат ағымдағы діндерден сақтану ,діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу осыларды негізге ала отырып педагог-психолог маман Д.Нұрғалиевамен жатақхана тәрбиешісі Ғ.Мәукілов бірлесіп имаммен кездесу өткізген болатын.Кездесу мақсаты жастар санасына және қоғамға іріткі салатын дәстүрлі емес ,теріс ағымдағы дін жолдарынан сақтандыру.Қазіргі кезде діни экстремизм мен терроризм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жазылып та ,айтылып та жүр.

Діни сенім -имандылық дегеніміз сүйіспеншілік,мейірімділік,бейбітшілік.Ал терроризм мен экстремизмнің мақсаты бұған мүлде қайшы ,яғни қантөгіс,қатыгездік,адамдар үшін қайғы -қасірет.

Әрбір діннің шығу тарихына мән беру,көшеде басқа да қоғамдық орындарда бейтаныс адамдармен діни тақырыпта әңгімелеспеу .Сізге керемет мақтау айтып ,мадақтау сөздерді қолдану тактикасы арқылы сізді өзге діннің шырмауына қалдыруы мүмкін .Сондықтан сақ болулы,сақтанып жүруді Жортынов Айдын имам жастарға насихаттап айтып өтті.Студенттеріміз кездесу барысында көптеген мағлұматтар алды деп ойлаймыз.Ислам дінінің іргесі берік боп,басқа жат ағымдағы діндерден сақ болайық.