Бүгін Тарбағатай колледждінің акт залында Тарбағатай аудандық аурухананың бас дәрігері А.М.Аштаева, кардиолог–терапевт С.С.Жакупжанованың қатысуымен 12-18 жас аралығында балалар мен жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына вакцинациялау жөнінде түсіндірме жүмыстары жүргізіліп, жиналыс өтті. Жиналысқа колледж студенттері олардың ата-аналары және топ жетекшілері мен өндірісте оқыту шеберлері қатысты. Колледж директоры К.Н.Кайрбаев ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.А.Қиясовтың 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және емізулі баласы бар әйелдерді Американдық Pfizer вакцинасын салу жөнінде Қаулысымен таныстырды және топ жетекшілер мен өндірісте оқыту шеберлеріне бекітілген топтарындағы студенттердің ата-аналарынан рұқсат алып, вакцина салуды бастаған уақытта колледж әкімшілігіне күнделікті ақпарат беруді тапсырды. Аурухананың бас дәрігері А.М.Аштаева Pfizer вакцинасы туралы нақты ақпараттар берді, атап айтқанда адамдардың өз еркі бойынша салдыратыны және студенттердің ата-аналарынан рұқсат алып, вакцинаны кез-келген медициналық пунктен алуға болатыны, аталған вакцина ағзаға енген жағдайда иммунитетті нығайтатын антиденелер пайда болатынын айтып өтті. Аудандық орталық ауруханада вакцина дозасын сақтайтын арнайы тоңазытқыштар келгенін және тоңазытқышта вакциналар -90 градуста сақталынады деді. Кардиолог-терапевт С.С.Жакупжанова вакцинациялаудың нәтижесінде коронавирус инфекциясының азаюы, Pfizer вакцинасын алған уақытта қандай жағымсыз әсерлер болатынын түсіндірді. Коронавирус инфекциясының алдын-алуы бойынша вакцинациялаудың тиімділігін айтып, студенттерді Pfizer вакцинасын алуға шақырды. Колледж директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Ж.Жұматова дәрігер мамандарға студенттер мен олардың ата-аналарына вакцина туралы ақпараттандыратын арнайы брошюралар тарату туралы ұсыныс айтып, дәрігер мамандардың еңбегіне табыс тіледі. Студенттер мен олардың ата-аналары дәрігер мамандарға әртүрлі сұрақтар қойып, жауаптарын алды.