Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Сейітқанова Мадина Ерімханқызы, Файзрахманова Назым Қаныбекқызы, Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ихсанов Нұржан Серікұлы колледж студенттері мен оқытушыларына экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәрістер оқыды. Экcтремизм мен терроризм туралы терең түсінік беріп, себептері мен зардаптарын ұғындырды. Атап айтқанда, эктремистік және террористік ұйымдардың айырмашылығы, интернет ресурстарда экстремизм мен терроризмді насихаттауға бағытталған ақпараттарды жариялау, олардың парақшаларына тіркелу жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын, олардың таралу шеңберін шектеу туралы айтып өтті. Сондай-ақ, бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындырды. Оқытушылар мен студенттер дәріс беруші мамандарға түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты
https://tarbcolledge.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/186-shy-ys-aza-stan-oblysyny-din-m-selelerin-zertteu-ortaly-yny-mamandary.html#sigFreeId4eb4331e6a