2021 жылдың 17 қараша күні Семей бизнес және сервис колледжінде  «Жас маман» жобасына қатысушы колледждердің 2020-2021 жылдары сатып алынған құрал-жабдықтардың (тігін машиналары) орналасу, іске қосылуына және білім алушылардың оқу барысында пайдалануына, шетелдік серіктестіктің бағдарламалары негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларын оқу процесіне енгізілуіне мониторинг жүргізу мақсатында оқу - жаттығу өткізілді. Оқу –жаттығуға колледж студенттері мен оқытушылары қатысып, заманауи тігін машиналарының түрлері және құрылысымен танысып қайтты.