Алматы қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты студенттер арасында тұрмыстағы зорлық -зомбылықтың алдын алу туралы түсінік жұмыстарын директордың өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Абділбаев пен колледж әдіскері А.Шянбина жүргізді.Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы ,зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіріп,жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап ,ондай әдеттерге бармауға тәрбиелеу біздің басты міндетіміз деп санаймыз деп өз ақыл-кеңестерімен де бөлісті .
Елімізде салауатты өмір салтына қол жеткізу үшін денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі -бала құқығын қорғау ,зорлық -зомбылыққа қарсы күрес жүргізуді басты назарда ұстауымыз керек деп оны да тілге тиек етті .
Отбасылардың береке-бірлігі бұзылуы ол жанұядағы зорлық -зомбылық .Көбінесе әйелдер мен балалар арасындағы тұрмыстық зорлық --зомбылық көбінесе білім деңгейінің және әлеуметтік жағдайы төмен болғанынан орын алып жататынын да жасырмады.Отбасы құндылығын бағалау бәріміздің міндетіміз.