Жастар арасында спортты насихаттау,өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында,ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жаппай спорт түрлерінен студенттер арасында көп кезеңді спорттық сайыстар өткізу бағдарламасы бойынша "Тарбағатай колледжі"КММнің студенттер жатақханасында ұлдар және қыздар арасында үстел теннисінен жарыс өтті.Жарысты жатақхана тәрбиешісі Ғ.Мәукілов ,дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары А.Өмірбекұлы мен Ш.Байғабылов өткізді. Ойын қорытындысы бойынша ұлдар арасында III орын Қажымұратов Санжар,II орын Тауфиқов Айқын,Iорын Әсембай Нұрлыбек,ал қыздар арасында IIIорын Құмарова Айым,IIорын Кузнецова Анастасия,Iорын Қалкенова Жанат иеленіп,мақтау қағазымен марапатталды.