1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай студенттердің әр салада білімдерін кеңейту, шығармашылық ізденісін байыту және сөйлеу  шеберлігін жетілдіру, белсенділігін, білім алуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Тарбағатай колледжі» КММ студенттері арасында «Жас көшбасшылар» зияткерлік сайысы болып өтті.  Сайысты ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Бейсенғалиева Дана Ерғазықызы ұйымдастырды.

 Интеллектуалды ойын төрт асудан тұрды.

I асу – «Бәйге»

II асу – «Көкпар»

III асу – «Президентпен тілдесу»

IV асу – «Жорға»

 Қатысушылар «Болашақ» және «Бірлік» болып екі топқа бөлінді. Топ мүшелері өздерінің топ жетекшісін сайлап, ұрандарын айтты. Әрбір асу бойынша студенттер өте белсенді ат салысты.  Сайыстың әр кезеңін сараптау, бағалау әділқазылар алқасының еншісінде болды. Сайыс соңында қазылар алқасының мүшесі Гуманитар пәндер бірлестік жетекшісі Сағадиев Бақытжан Магиланович қорытынды сөз айтып, өз ұпайларының басымдылығымен жеңіске жеткен топты мақтау қағазымен марапаттады.