4 мамыр күні Ақсуат мәдениет үйінде "Жайна - Абай елі"- атты аудандық мекемелер арасында көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Ауданымызда өнер мен мәдениетті дамыту, мәдени мұраларымыз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу басты мақсаты болып табылатын байқауға колледж ұжымы белсене қатысты. Концерттік бағдарлама талаптарына сай әр түрлі шығармалар жанды дауыста айтылып, ардагер ұстаздарымыз Т.Табылдинов пен Б.Базылова да өз өнерлерін паш етті. Концерт соңында ардагер ұстаздарға колледж директоры К.Кайрбаев шапан жауып, сый құрмет көрсетті. Әртүрлі номинациялар бойынша үздік өнерлерімен көрермендерді тәнті еткен колледжіміздің өнерпаздары аудан әкімдігі мен Ақсуат ауылдық округі әкімінің мадақтамаларымен марапатталды. Байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының бір ауызды шешімімен "Ақсуат колледжі" КММ ұжымы үздік шығып, бас жүлдені жеңіп алды.
https://tarbcolledge.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/221-zhajna-abaj-eli.html#sigFreeId9e96a03db6