29 сәуір күні "Ақсуат колледжі" КММ–де Абай
облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жастар арасында әртүрлі тәуелділіктердің алдын алу» тақырыбында информациялық кездесу өтті.
Кездесу мақсаты нашақорлықтың, құмар ойындардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларына үйрету, кәмелетке толмағандардың ішімдік пен есірткі тұтынуының алдын алу болып табылады. Облысымыздың нашақорлық жағдайын зерделеу. есірткіге қарсы жүйелі профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру.
Осыған орай колледж студенттеріне ақпараттық жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды. Кездесу спикерлары ҚҚ "СОЦKZ" төрағасы Қадырғалиев Әділ Қадыргалиевич " Балалар мен жасөспірімдерде химиялық тәуелділіктің ерте алдын алу", Ақсуат аудынының полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Әбділбаев ШыңғысАлмасұлы "Нашақорлық және Қазақстан Республикасындағы заң актілері туралы", Облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық психикалық денсаулық орталығы "ШЖҚ КМК Абай "Есірткінің психика мен мінез-құлыққа әсері наркологиялық қызмет бөлімі"дәрігер-нарколог Абильмажинова Жанар Заманбековна өз бағыттары бойынша ақпараттар берді. Ақпараттық кездесуден кейін колледж ұстаздары мен студенттер арасында кіші футбол ойындары өткізілді. Жеңімпаз командаға Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді.
https://tarbcolledge.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/222-a-suat-kolledzhi.html#sigFreeId8056de087e