Биылғы жылы Абай облысының құзырет орталықтары мен жетекші колледждер базасында өткен WorldSkills Абай 2024 ІІ- өңірлік кәсіби чемпионатында және Шар қаласындағы "Жарма технологиясы колледжі" базасында "AGROSKILLS -2024" ІІ облыстық байқауында Ақсуат колледжінің студенттері қатысып жоғарғы көрсеткіштерге ие болды.
Кәсіби шеберлік конкурсының нәтижесі бойынша 8 жеңімпаз анықталды:
2 алтын🥇, 2 күміс🥈, 4 қола🥉. Колледж директоры К.Кайрбаев барлық қатысушы ұстаздар мен студенттерге аталған сайыста жеткен жетістіктері үшін Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Әріптестеріміз бен студенттерімізге алдағы уақытта да осындай додаларда үнемі биіктен көрініп, колледжімізді жоғары жетістіктерге жетелейді деген сеніміміз мол.