Тарбағатай колледжінде "Бастауыш" кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтті. Жиында кәсіподақ төрайымы М. Джумалиеваның баяндамасы тыңдалды. Кәсіподақ төрайымы есеп беру кезеңінде жыл бойы атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда қызметкерлерді сауықтыру, ұжымдық келісім-шарт жасасу, марапаттау, және кәсіподақ қаржысының жұмсалуы туралы айтты. Колледж директоры К. Кайрбаев пен кәсіподақ төрайымы М. Джумалиева ұжымдық шартқа қол қойды. Колледждің жұмысшы-қызметкерлері өз пікірлерін айтып, кәсіподақ жұмысына оң бағасын берді. Жиын соңында ШҚО Білім басқармасы жанындағы "Шығыс" аймақтық кәсіподақ ұйымының және Тарбағатай аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары мен жаңа жылдық сыйлықтары берілді.